“ИСЛАМ-ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК ДІНІ”- АТТЫ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР (ФОТО)

         Имамдардың білімін шыңдап, біліктілігін арттыру мақсатында ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастамасына сай, ағымдағы жылдың 31 қаңтары мен 12 ақпан аралығында Семей аймағының Бас имамы Асқар Әбітайұлы мен Уржар ауданының Бас имамы Ұлан Ермекұлының ұйытқы болуымен “ИСЛАМ- ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК ДІНІ”-атты көшпелі семинар өз жұмысын бастады.

       Бұл оқу семинарына Уржар аудандық мешітіне қарасты барлық ауыл мешіттерінің имамдары келіп білімдерін шыңдады. Семинарға Семей аймақтық діни басқармасы Семей қаласы мешіттерінің білікті ұстаздары келіп сабақ өткізді. Аталмыш семинарда Кұран ілімі, фикһ, ақида, Қазақстан Республикасының діни ахуалы мен дін басқармасының құжаттары пәндерінен сабақтар жүргізілді. Білім алып жатқан имамдардың айтқанына қарасақ, алған білімдерінің көп нәрсеге үйреткендігін, әсіресе ақида, фиқһ пәндерінен ерекше әсер алғандықтарын айтып жатыр.
Сонымен қатар қазіргі түйткілді ахуал мен діндегі мәселелер ҚМДБ бекіткен шариғат фәтуалары бойынша амал ету жолдары жайлы айтылды. Алдағы уақыттарда да бұл семинарлардың жалғасын табатындығы туралы да ауданның Бас имамы айтып өтті. Білімнің маңыздылығы, осыған қарама-қайшы білімсіздіктің салдарынан қаншама жерлес бауырларымыз адасып шет ел асып жат ағымдардың арбауына түсті. Дін сауат ашудың маңызы- ертеңгі ел болашағы мен тыныштығы және де білімді ұрпақ тәрбиелеу.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы білім беру жүйесінде жан-жақты сапалы білім беруді негізгі жолға қойып, білім жетілдіру орындарын көптеп ашуға аса ден қойып қарайды.
Семей аймағының Бас имамы Асқар Әбітайұлы: “ИСЛАМ- ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК ДІНІ”-атты көшпелі семинарда аймақ бойынша 90 имам діни білімдерін жетілдіретін болады. Жалпы дініміздің кең таралуы мен халқымызды иман жолына шақыруда дін басқармасының білім жолындағы мақсаты исламның қадір қасиетін түсінген, жүрегіне иман нұры ұялаған сөзімен де ісімен де халқын ізгілікке бастайтын имамдар, мамандар даярлау.

       Бүгінгі күні осы екі апталық оқу семинары өз мәресіне жетіп, Ұржар ауданы көлемінде бастама алған көшпелі семинарға 20 имам қатысып білімдерін жетілдірді. Ұржар ауданының имамы Ұлан қажы Ермекұлы әр имамға білім сертификаттарын табыстап, істеріне сәттіліктер мен табыстар тіледі.