АЯГӨЗ: “ОРАМАЛЫМ-ҚОРҒАНЫМ” АТТЫ РУХАНИ СЫРЛАСУ КЕШІ

     Аягөз қалалық мешіті жанынан құрылған «Инабат» қыз – келіншектер клубы мүшелері «Орамалым – қорғаным» атты рухани сырласу дастарханын ұйымдастырды. Қасиетті Құран аяттарымен, ақ дастархан басында басталған сырласуда әр қыз – келіншек өзінің орамал жайында сырын бөлісті. Рухани сырласуда әртүрлі қызықты ойындар ойнатылды. Ең бастысы ұлттық нақышта киім үлгісімен қатар, орамал тағудың заманауи нақышы жайында бір үзік сыр айтылып, орамалды әдемі тағудың әдістері көрсетілді. Орамал Жаратушының сыйға тартқан тақуалық киімі. Өздігінен ұятын жауып, тәубесімен жүретін, салихалы ұрпақтарға тәрбие беретін ұлттық дәстүрімізді насихаттайтын, ізгілердің жолымен жүретін аруларымызға, қыз – келіншектермен аналарымызға Алла разы болсын!