АЯГӨЗ: СПОРТ МЕКТЕБІНДЕГІ ДОСТЫҚ КЕЗДЕСУ (ФОТО)

Аягөз қаласы спорт мектебінде жастар бөлімінің ұйымдастыруымен Үржар мешіті және Аягөз мешіті жамағаттары арасында достық кездесу өтті. Аягөз орталық мешітінің наиб имамы Масғұд Татығанбайұлы жарысқа қатысушыларға жүрекжарды лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Қасиетті Құранда қуатты, айбында болу бірнеше сүреде айтылған, спортқа көңіл бөліп онымен айналысуға шақырады, сондықтан Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қуатты мұсылман Аллаға, әлсіз мұсылманнан жақынырақ және сүйіктірек» – деген. Осы орайда, Аягөз қаласында өткен достық кездесу сәтті де, тартымды өтті.