МАҚАНШЫ: СПОРТТЫҚ ЖАРЫСТАР ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

          Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) спортпен кәсіби түрде айналыспаса да, қазір «спорт» деп аталып жүрген жүгіру, садақ ату, күресу, суда жүзу секілді ойындарды үйренген, жарысқан, қасындағы сахабаларды соған шақырған.

 Дін мен Дәстүр бағыты бойынша  Мақаншы ауылдық  мешітінің   ұйымдастыруымен “Ырыс және Ынтымақ айы” аясында   жасөспірімдер арасында арқан тарту, гір тасын көтеру, белтемірге тартылу және т.б сайыстар өтті.  Мақтау қағаздарымен, ақшалай сыйлық берілді.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан жақсы әрі Аллаға сүйкімді. Дегенмен, әрбірінде жақсылық бар. Саған пайда беретін нәрсеге ұмтыл, Алладан жәрдем тіле, әлсіз болма», – деген. Негізінде, күш-қуат барлық нәрседе болғаны дұрыс: сенімде, білекте, ақылда және ілімде.