ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР КӨПІРІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ (ФОТО)

Бүгін ШҚО әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметов Семей қаласына ресми сапармен келіп қала тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді. Кейіннен облыс әкімі Семей қаласы “Абай Құнанбайұлы”  атындағы орталық мешітіне арнайы келіп, жаңадан салынған жаяу жүргіншілер көпірінің ашылу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ Даниал Кенжетайұлы мешітіміздің он жағалауынан тағыда бір жаяу жүргіншілер көпірі, хатымхана, діни сауат ашу ғимаратының жобасымен танысып, осы жылы көпір құрылысы басталатынын жеткізді.  Ал медресе мен хатымхана құрылысы Даниал Кенжетайұлының және демеушілердің қолдауымен биыл басталуы жоспарлануда.

 

“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі