АЯГӨЗ: “АСЫЛ АНАЛАР” АТТЫ КІТАПТАН СЫНАҚ ӨТТІ (ФОТО)

  Аягөз қалалық мешітінің жанынан құрылған «Әйел-қыздар» секторы «Инабат» қыз – келіншектер клубының мүшелері арасында «Асыл аналар» атты кітаптан сынақ өтті.  Сынаққа  мешіттің сауат ашу курсының шәкірттері қатысты. Мешіт ұстазы Әсел Рымғалиқызы сынақ тапсырушыларға негізгі жайды түсіндіріп, сәттілік тіледі. Сынақты үздік тапсырушыларға Аягөз қалалық мешіттің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы марапат қағазымен сыйлықтар табыстады.