Аягөз қаласындағы локомотив депосында ЖАНТ мүшесі, Семей қалалық мешітінң наиб имамы Ерлан Досымұлы және Аягөз қалалық мешітінің наиб имамы Дәулет Қинаятұлы тепловоз машинистерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында асыл дініміз Исламның құндылықтары Құран аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с) хадистерінен баяндап, бабаларымыздың даналық сөздерінен мысалдар келтірді. Бауырмашылдықты айтып кеткен алаштың арысы Әлихан Бөкейхан бабамыз өз сөзінде: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса – халықтық мақсат сонда орындалады» – дегендей берекемізден Алла айырмасын, ел тыныш, жұртымыз амандықта болсын деп дұға қылды. Қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру