Аягөз қалалық мешітінің жанынан құрылған «Әйелдер – қыздар» секторы мүшелері қасиетті Рамазан айында ораза тұтқандарға «Ауызашар себетін» ұйымдастырды. 30 ораза тұтқан отбасыларына себетті апарып табыстады. Алланың Елшісі (с.ғ.с) хадисінде: «Рамазан айында аузы берік адамаға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туғандай күнәсіз болады» дегенде, сахабалар «Суға тапшылық болған кезде ма?» деп сұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оларға «Қаласа өзен жағасында берсін, бәрібір» – деп жауап берді. Яғни ауыз аштырудың сауабын баян етіп тұр. Ас беру өте үлкен сауапты іс болып табылады. Әсіресе аузы берік адамға ас беру – одан да сауапты болады. Ораза тұтқан адамның сауабындай сауапқа қауышады, ораза тұтқан адамның сауабы кемімейді.
Пікір қалдыру