Аягөз қалалық мешіт жамағаты қасиетті Рамазанда бабалар жолын жалғап Жарапазан айтып, елдің рухын бір серпілтіп тастады. Жарапазан – қасиетті Ораза айындағы ақтілекті, ақниетті ізгі жыр. Өйткені ақындық пен сал серілікті ұстанған аталарымыз, Рамазанға деген жастардың махаббатын оятып, қадыр қасиетін түсінуді насихаттай білген. Ахмет Байтұрсынұлы атамыз: «Жарапазан – Рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің тысында тұрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар, сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт – май, ірімшік, бір шаршы шүберек басқа сол сияқты нәрселер береді..» – деп, ұлтымыздың жарапазан айту дәстүрін сипаттаған. Осынау игілікті дәстүріміз өскелең ұрпаққа Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бастамасымен жалғасын табуда.
Пікір қалдыру