Бас имам қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңеске қатысты

Діни экстремизм таралуының алдын алу, діни экстремизмнің өсуіне жол бермеу тақырыбында Бас имам Асқар Әбітайұлы баяндама жасады.

Қала әкімінің орынбасары А. Садырбаевтың төрағалығымен Семей қаласының әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес өтті.

Кеңестің мақсаты – азаматтардың діни қызметке құқықтарын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау, қоғамдағы рухани келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің 2022 жылға арналған бекітілген жұмыс жоспарына байланысты отырыста мынадай мәселелер тыңдалады:

1) «Құқық қорғау органдарының Діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі жұмысы туралы және Семей қаласы аумағында діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды зансыз сату фактілерін анықтау жөніндегі рейдтік іс-шаралардың барысы жұмысы туралы»

2) «Этносаралық толеранттылық пен конфессияаралық келісімді қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы»

3) «Мемлекеттік – конфессиялық және конфессияаралық диалогты нығайтуға, деструктивті діни ағымдардың идеяларының таралуының алдын алуға бағытталған діни бірлестіктердің жұмысы туралы»

Бас имам өз сөзінде: Діни экстремизм таралуының алдын алу мақсатында 2021 жылдың басынан бері Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы Семей өңірі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жүргізіліп келеді. Әр ай, тоқсан, жарты жыл және тоғыз ай сайын топтың есебі алынып, тындалып отырады. Топ құрамында 11 адам бар. Олар – топ жетекшісі Семей өңірінің Бас имамы және мешіттің білікті имамдары, ұстаздары, шет елдің беделді университеттерінің түлектері мен ЖАНТ мүшелері. Жоспарға сәйкес өңірге қарасты бүкіл мешітте «Жұма дәрісі», «Жұма шайы» және қалалық мешіттердің бірінде әр дүйсенбі-бейсенбіде ауызашарлар ұйымдастырылып отырады. Ірі-кіші мешітке қарамастан, барлығында күнделікті түскі уақытта мешіт жамағаттарына «құран жауһарлары» уағызы айтылып, кешкі намазда ақида, фикһ, сира, ихсан және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының жанынан құрылған ғұламалар кеңесінің фатуалары оқытылып, дәрістері жүргізіледі. Бұл жұмыстар пандемия кезінде онлайн жүргізілді. Сонымен бірге бүгінде сауат ашу курстары жұмыс істеп, оған  мешіт жамағаттары мен олардың балалары келіп оқуда.

Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылдыңы қортындысы бойынша 17 адам деструктивті жат ағым идиологиясынан бас тартты. Семей өңірі бойынша діни ахуал байыпты, тұрақты.

    Діни экстремизм таралуының алдын алу, қоғам мен халық  арасындағы діни экстремизмнің өсуіне жол бермеу жұмыстары мемлекеттік органдарда да жүзеге асырылып, ауқымды істер жасалып жатқаны белгілі. Келешекте осы жұмысты бірігіп, ақылдасып, келісіп жасалынса деген тілегіміз бар.