ХӘКІМ АБАЙ ЕЛІНДЕГІ ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСУ

ҚМДБ «Уақып» қорының президенті Ардақ Нүсіпханұлы Оразбаев Уақып қоры жұмыстарымен таныстырып, жамағатты жақсылық жасауға шақырды.

Ардақ қажы Нүсіпханұлы өз сөзінде: «Жақсылық», «қайырымдылық», «мейірімділік» сөздерін жиі естиміз. Жақсылыққа бала жастан үйретеміз. Жасынан жамандық жасамауға, әркімге көмектесуге, жақсылық жасап жүруге, мейірімді болуға үйренген бала есейгенде де жамандыққа бара қоймасы анық. Мұндай тәрбие ата-ананы баласы есейгенде ұялтпайды, қоғамда жақсы адамдардың санын арттырады, дей отыра Құран аяттары мен Пайғамбарымыз (с.а.у) хадистерін айтты. Сұхбат соңында Семей Бас имамы Асқар Әбітайұлы арнайы сапармен келген Ардақ қажы Нүсіпханұлына алғысын айтып, мешіт жамағат аталарымыз ақ баталарын берді.