Семей қаласының әкімі Бақытжан Баяхметов Семей қалалық «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітінің бас имамы Асқар Әбітайұлымен кездесті.
Қала имамы әкімге мешітте жасалып жатқан рухани және қайырымдылық шараларын кеңінен таныстырып өтті. Асқар Әбітайұлы: «Өңір бойынша мұқтаж отбасыларға көмек көрсету, әлеуметтік мекемелеге қайырымдылық жасау қатарлы ізгілік шараларын үздіксіз жасап келеміз. Сонымен қатар жат ағымдарға қарсы насихат шаралары жүйелі атқарылып жатыр» деп атап өтті.
Қала әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы мешіттің ахуалы туралы және мешіттің қажетті құралдармен жабдықталуы туралы сұрап, бірқатар мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ әкім қалалық мешітіне мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, бірлесіп қызмет атқаратындығын жеткізіп, қала имамымен ұлттық құндылықтармен рухани тәрбиені насихаттау, дамыту бағытында бірқатар шаралар жасауға келісті. Асқар Әбітайұлы дінімізге жанашырлығы үшін қала әкіміне алғыс білдірді.
“Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің баспасөз қызметі
Пікір қалдыру