ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел-қыздар секторы»ның  әжелер мектебі жаңадан салынып жатқан мешіт құрлысшыларына ас берді. 

Қаламыздағы ең үлкен мешіт құрлысы қыстың суығына қарамастан өз жұмысын жалғастыруда. Мешіт, медресе салдыру  сауабы мол амал, сол амалға қандайда бір іспен жәрдем еткен адамға да Алла сондай сауап жазады. Алла үйін салған адамдарға қатысты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде былай дейді: «Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған.

Осындай игі іске өз үлестерін қосу мақсатымен әжелер мектебі мешітті салып жатқан құрлысшыларға арнайы дәм әзірлеп, ақ дастархан жайды. Құран қатым оқылып, әжелер құрылыс алаңындағы жұмысшыларға бата беріп, құрлыстың сәтті аяқталып, мұсылмандар игілігіне ұзақ жұмыс жасауын тілеп дұға етті.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.