Білгеніңмен бөліс атты тақырыптағы шеберлік сағаты

ҚМДБ Семей өңірі бойынша «Әйел-қыздар секторы» ның ұйымдастыруымен кезекті шеберлік сағаты өтті. Аталған шеберлік сағаттарында сауат ашу курсының шәкірттеріне ай сайын, тағам әзірлеуден, тігін, тоқыма және дәстүрлі қол өнер бұйымдарын жасудан  сабақтар ұйымдастырылып өткізіліп отырады деп  жоспарланған болатын. Іс-шара мақсаты шәкірт қыздар арасында өзара тәжірбие алмасып, бірлік пен ынтымаққа баулу.  Қыз-келіншектер өз қолдарымен торт жасап, соңында тәтті дәммен шәй ішіп, уағыз тындап қайтты.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.