Дүйсенбі күнгі ауызашар

Аягөз қалалық мешітінің жастар бөліміне бесінші ай жумадул әууәл айының құрметіне дүйсенбілік ауыз ашар берілді. Орталық мешіт, «Жаңауыл» мешіті, «Қазығұл ата» мешітінен келген жастар бөлімі мүшелеріне бас имам Думан Нәдірұлы «Иманның дәмі» атты тақырыпта уағыз – насихат айтты. «Ағайын» кафесінің басшысы кәсіпкер Манарбек Тәттіғалиұлына жастар бөлімі мүшелері алғысын айтты. Сұрақ – жауап қойылып, жауап берушілерге кітапшалар таратылды. «Ана» атты бейнеролик көрсетілді.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі