Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Президентінің көмекшісі болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

“Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы  болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын”,- делінген Жарлық мәтінінде.

Нұрлан Ермекбаев 1986 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің Мәскеудегі Әскери Қызыл ту институтының шығыс тілдері факультетін тәмамдаған.

1996 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін бітірген. Орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін меңгерген. Саяси ғылымдар кандидаты.

1984 жылдан бастап 1985 жылға дейін – Ангола Халық Республикасында қызметтік іссапарда болды. 1986 жылдан бастап 1996 жылға дейін – КСРО Қарулы күштері Бас штабы жүйесіндегі бөлімдерде қызмет етті.

1990 жылдары КСРО ҚК қатарынан босатылған соң сыртқы экономикалық компанияларды басқарған. 1993 жылдан бастап 1995 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Сауда өкілдігінің аға сарапшысы.

1996 жылдан бастап 1997 жылға дейін – Алматы сауда-қаржы банкі басқарма төрағасының кеңесшісі. 1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін – «Қазақстанның халық банкі»  ААҚ-ның Қытай Халық Республикасындағы өкілдігінің басшысы.

2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.

2003 жылдан бастап 2004 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Сингапурдағы уақытша сенімді өкілі (дипмиссия басшысы).

2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі.

2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2010 жылдан бастап 2012 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.

2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін – Қазақстан Республикасының Корея Халықтық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы.

2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін – Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы.

2016 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың сәуір айына дейін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі.

2018 жылғы 4 сәуірдегі Елбасы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.