ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылған баспанаға екі отбасыға пәтер кілтін табыстады.
Семей аймағының Бас имамы Асқар Әбітайұлы үй иелерін қуанышымен құттықтап: «Алла Тағала үйлеріңізді берекеге толтырып, қуаныштарыңызды еселесін. Қоныс құтты болсын. Осы үйден елімізге қызмет ететін тұлғалар шығуын нәсіп етсін!» деді.
Айта кетсек, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясы аясында берілген 559-баспана Семей қаласының тұрғыны, қаншама жылдар бойы арбаға танылсада, шемішке сатып нәпақасын тауып жүрген Ринат мырзаға, Хакім Хазірет медресесінің ұстазы Арман қари Рүстемұлына бұйырды.
Пікір қалдыру