Семейде өткен Құран жарысы

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінде сауат ашу лагерінде білім алып жатқан шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Құран жарысына 30-ға жуық мешіт шәкірттері қатысты. Жарыстың мақсаты шәкірттерді Құран жаттауға ынталандыру мақсатында болатын.

Алғы сөзді Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы  Құранды үйреніп және жаттаудың екі дүниеде бақытқа кенелетін сауап амал екенін айтып, ұлағатты бұл шара мешіттерде жасалынатын әдетті үрдіске  айналу керектігін де атап өтті.

Жиын барысында оқушылар арасынан үздік шәкірттер сарапталып, жүлделі орын алған талапкерлер естелік сыйлықтармен марапатталып байқау жеңімпаздарына сертификаттар ұсынылды.

Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі.