Аягөз ауданына қарасты барлық мешіттер Құрбан айт күні арнайы мал соятын орындарда шалынған құрбандық еттерін таратып берді. Алланың Пайғамбары (с.ғ.с): «Құрбан айт күні адам баласы атқаратын амалының Алла Тағалаға ең сүйіктісі – құрбандық малын сою» – десе, тағы бір хадисінде: «Алла елшісі (с.ғ.с) шалған құрбандығының үштен бірін – отбасына, үштен бірін – кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде тарататын» – делінген. Мешіт жанындағы еріктілер үйді – үйге құрбандық еттерін жеткізіп берді. Айт күнгі құрбан еттерін алған жандар алғыстарын білдірді. Жалпы аудан бойынша 40 басқа жуық ірі-қара, 300-ден аса ұсақ мал құрбандыққа шалынып, 2000-нан аса отбасыларға таратылды. Алла Тағала баршаларыңыздың шалған құрбандықтарыңызды қабыл етсін! Келесі жылғы Құрбан айтқа баршамызды отбасы амандығында, ел-жұртымыздың тыныштығында, береке мен бірлікте жетуге жазсын! Ниеттеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын!
Пікір қалдыру