АЯГӨЗ: КЕЗЕКТІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

Аягөз қалалық мешіті қасиетті ай құрметіне кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Күнделікті тұрмысқа қажетті азық – түлікті көп балалы отбасыларына табыстады. Жақсы ай, жақсы күнде Алла елшісі (с.ғ.с) айтқанындай: «Жарты құрма болсада қайыр жасаңдар, егер оны таппасаңдар адамның жанына жағар жылы сөзбен жадыратыңдар» – деген. Көп балалы аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.