ОРТАЛЫҚ МЕШІТ ИМАМЫН ҚҰРМЕТПЕН ШЫҒАРЫП САЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Абай облысы, Семей қалалық “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінің наиб имам қызметін атқарған  Айқын Русланұлын Абай облысының бас имам орынбасары Ерлан Досымұлы бастаған жергілікті жамағат құрмет көрсетіп, шығарып салды.

Ерлан Досымұлы асыл дінімізді насихаттау, жергілікті жамағатты бірлік туы маңына топтастыру, пәтуа, дін мен дәстүр бағыттарда атқарған ізгі істері үшін Айқын Русланұлына алғыс айтып, білімін жетілдіру мақсатында Түркия еліне аттанғалы отырған сапарына сәттілік тіледі.

“Біз өмірге келіп, өмірден кеткенге дейін білім алуға тиіспіз. Себебі, біз терең білім арқылы ғана адам деген атқа лайықты боламыз. Білім арқылы Аллаға жақындай түсеміз. Білім арқылы біз Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) қандай мақсатпен келгендігін білуге көп мүмкіншілік аламыз.  Бауырымыздың ілімге деген ниетін Алла сауаптан жазсын. Осындай білім жолындағы ізденіс баршамызға нәсіп болғай” деп атап өтті Ерлан Досымұлы.