ИМАМДАР АРАСЫНДА ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

Абай облысы Ақсуат ауданында имамдар арасында Құранның 30-парасынан жатқа оқудан аудан және ауыл имамдарының қатысуымен Құран сайысы өткізілді. Құран сайысына Абай облысына қарасты 15 аудан,ауыл имамдары өз білімдерін көрсетіп сайысқа түсті,нақтырақ айтқанда Үржар ауданы Жаңатілек ауылдық мешітінің,Шолпан ауылдық мешітінің,Жыланды ауылдық мешітінің,Мамырсу ауылдық мешітінің,Мыңбұлақ ауылдық мешітінің,Мақаншы ауылы Құнанбай ауылдық мешітінің,Мақаншы мешітінің,Абай ауданы Би-ата ауылдық мешітінің,Шақаман ауылы Қайырбек мешітінің,Жарма ауданының орталық мешітінің,Белтерек ауылдық мешітінің,Көкпекті ауданы орталық мешітінің Ақсуат ауданы Жәнтекей ауылдық мешітінің,Ақсуат ауданы “Ұранхай қажы”мешітінің имамдары қатысты.
Ақсуат ауданында өткізілген Құран сайысының жеңімпаздарын Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ғұламалар кеңесінің мүшесі,фәтуә бөлімінің меңгерушісі,найб Мүфти Сансызбай қажы Құрбанұлы мен Абай облысының өкіл имамы Асқар Әбітайұлы марапаттады.

Осы Құран сайысында 30-шы параны жатқа және мәнерлеп оқудан бас жүлдені Ақсуат аудандық “Ұранхай қажы” мешітінің ұстазы Жортымов Елдос Бақытбекұлы,
екінші орынды Ақсуат ауданы Жәнтекей ауылдық мешітінің ұстазы Қожахметов Ерасыл Алтынбекұлы,
үшінші орынды Абай ауданы Би-ата мешітінің имамы Ербол Асқар,
төртінші орынды Оразаев Ернар Шақаман ауылдық Қайырбек мешітінің имамы,
бесінші орынды Қожамсейітов Бейсен Сәрсенұлы Жаңатілек ауылдық мешітінің имамы иеленді.
Бұл Құран сайысына тігілген бас жүлде Умра қажылығы,екінші орынға 300000 мың теңге,үшінші орын 200000 мың теңге,төртінші-бесінші орындары 100000 теңгеден берілді.

Осы мешіттің жанынан салынған медресенің құрылыс жұмыстарымен осы өткізілген Құран сайысына бас демеушілік жасаған ДК Проекті серіктестігінің бас директоры,Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Дүйсенов Қайнар Дүйсенұлы.