АЯГӨЗ: ШӘКІРТТЕРГЕ ШӘҺӘДӘ БЕРІЛДІ (ФОТО)

Аягөз қалалық мешіті жанындағы діни сауат ашу орталығында ҚМДБ – тарапынан бастау алған «Имани жаз» шәкірттердің имандылық тәрбиесін алуға арналған жазғы курста дәріс алған шәкірттерге шәһәдә табыстау рәсімі өтті. Мешіттің наиб имамдары шәкірттерден оқыған білімдерінен сынақ алып, сұрақтар қойды. Алған ілімдеріне сай шәһәдә табыстап, алдағы уақыттада дініміздің асыл қасиетінен қуаттанып, терең білім алуға, болашақтағы өмірлеріне сәттілік тіледі.