Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы Көкпекті ауданына жасаған арнайы іс-сапар барысында аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы мен кездесті. Кездесу барысында аудан халқының рухани қал-ахуалы сөз болып, алдағы жоспарлар талқыланды. Игі бас қосуда Бас имам аудан әкіміне қасиетті Құран Кәрім кітабын сыйға тартты. Ал Ділдәбек Тәжібайұлы өз кезегінде тарихи кітапты ұсынды.
Аудан басшысының сөзінше, алдағы уақытта Көкпекті тұрғындарының рухани-ағартушылық бағытында дамуына баса назар аударылатын болады. Аудан имамы Нұрнәсір Дүйсен аудандық діни рухани жұмыстарымен және алдағы атқарылатын жоспарларды облыс Бас имамына баяндады.
Пікір қалдыру