Мектептегі кездесу

Аягөз қаласындағы К. Бозтаев атындағы мектепте «Дін және зайырлы қоғам» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге мектеп ұстаздарымен оқушылар Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Думан Нәдірұлы және дін мәселелерін зерттеу орталығының меңгерушісі Медет Наурызбекұлы қатысты. Бас имам зайырлы қоғамдағы діннің орыны жайлы, қасиетті Құранмен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінен баяндап уағыз –  насихат айтты. Оқушылардың қойған сұрақтарына тұщымды жауап берілді.

 

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі