Семей қаласында орналасқан «Happy cake» кондитерлік кәсіпорны «QMDB Halal» сертификатына ие болды.
ҚМДБ «Халал даму» мекемесінің мамандары жүргізген тексеріс нәтижесі бойынша кәсіпорынның халал өнімдерін өндіруге, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына сай екені анықталды.
Сертификатты «Халал даму» мекемесінің Абай облысындағы өкілі Жүнісбек Айдын табыстады.
«Happy cake» кондитерлік кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 10.08.2022 – 10.08.2023 мерзімі аралығында жарамды.
Пікір қалдыру