Абай облысына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевпен кездесті.
Кездесуде өңірдегі діни ахуал сөз болды. Сонымен қатар күн тәртібінде тұрған мәселе – ауыл имамдарына қолдау көрсету, аймақтағы мешіттерді кадрмен қамту жағы айтылды.
Кездесу барысында Бас мүфти өңір басшысына көрсетіп жатқан қолдауы үшін ризашылығын жеткізді. Тараптар ортақ жобалар бойынша екіжақты бірлесе жұмыс істеуді жалғастыратынын мәлімдеді.
Пікір қалдыру