БАС МҮФТИ «QAMQOR-SHARAPAT» САЛТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚ ӨКІЛДІГІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Абай облысына қызметтік сапармен келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жоспарға сай Семей орталық мешітінде орналасқан «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы өкілдігінің жұмысымен танысты.

«Qamqor-Sharapat» – көпшіліктің сұранысымен жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба. Бүгінде Діни басқарма бекіткен үлгіге сай орталықтың өкілдігі «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітінде қызмет көрсетуде.

Өкілдіктің жұмысымен танысқан Наурызбай қажы Тағанұлы алдағы уақытта қызметтік міндеттерді жандандыруды тапсырды.