САНСЫЗБАЙ ҰСТАЗ ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ҚҰПТАН НАМАЗЫНЫҢ УАҒЫЗЫН ӨТКІЗДІ

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Семей қаласына жасаған іс-сапары барысында «Абай Құнанбайұлы» атындағы орталық мешітте құптан намазының уағызын өткізді.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мен Ғұламалар кеңесінің мүшесі мешіт жамағатына дін мен дәстүр сабақтастығы, отбасы құндылықтары, мұсылманның бойында болуы керек ізгі қасиеттер төңірегінде насихатын жеткізді.

Кездесу соңында жиналған жамағатпен сұрақ-жауап өткізіп, игі тілегін білдірді.