СЕМЕЙЛІК СТУДЕНТТЕРГЕ РАНТ ЖӘНЕ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

Семей қаласына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ-ның Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мен Ғұламалар кеңесінің мүшелері студенттерге дәріс өткізді. Түсіндірме жұмыстары Семей медициналық университеті мен М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 1-2 курс шәкірттеріне жүргізілді. Дәрісті «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, ҚМДБ «Уағыз-насихат» бөлімінің маманы Думан Сайфолла өткізді.

Студент жастарға дін мен дәстүр сабақтастығы, жанұя жылулығы, ата-анаға құрмет, бауырмалдық тақырыптарымен қатар деструктивті діни ағымның арбауына алданбаудың жолдары ескертілді.

Кездесу соңында шәкірттер ұстаздарға сұрақ қойып, көкейлерінде жүрген діни сауалдардың жауабын алды.