ЖАРМА АУДАНЫНДА ЖАҢА МЕШІТ БОЙ КӨТЕРДІ

Бүгін аудан орталығына таяу орналасқан Бірлік ауылында «Құланбай баба» мешітінің ашылу рәсімі өтті. Оған ауыл тұрғындары, жұршылық өкілдері, арнайы шақырылған қонақтар қатысты.
Ашылу салтанатында аудандық мәслихат хатшысы М. Оспанбаев аудан басшылығы атынан жиналған қауымды құттықтап, мешіт құрылысына атсалысқан азаматтарға ризашылық білдіріп, игі істеріне сәттілік тіледі.
Ауданның бас имамы Тимур Қайдарұлы былтырғы жылы 6 ауылға халық қолдауымен мешіт бастаған болатынбыз Аллаға Шүкір Белтерек ауылдық мешітін былтыр ашып қуанған едік,биыл Бірлік ауылдық “Құланбай баба” мешіті ашылып жатыр.Бұйырса алдағы күнде Жарық ауылдық және Жаңаөзен ауылдық мешіттерін ашамыз.Үлкен жолдың бойындағы мешіт құрылысының сауабы екі есе болатынын атай келе, мешіт тек ғибадат орны ғана емес, мәдени-ағарту, рухани білім, тәлім-тәрбие орнына айналса деген тілегін білдірді.
Бірлік ауылдық округінің әкімі Н.Нұрғалиев мешіттің құрылысына демеушілік жасаған жандарға алғыс жолдап, сый-сияпат табыс етті. Елеулі үлкен қосқан меценат, медицина саласының маманы Мақсат Әбдіқарыұлына ат мінгізді.
Белгілі айтыскерлер Ринат Заитов, Қазырет Бердіхан, Дидар Қамиев, Шұғайып Сезімхан жыр сайысына түсіп, көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлады.
Айтулы оқиғаның құрметіне жамағатқа ақ дастарқан жайылып, ізгі тілектер айтылып, аламан бәйгесі,тай жарыс,құнан жарыс,көкпар т.б ұлттық ат спорттары ұйымдастырылды.
Аламан бәйге мен тай жарысында бабы келісіп, бағы жанған жүйріктер озып шығып, арнайы жүлделерді еншіледі.
Жарманың жақсы жаңалығы мол болсын!