Аягөз қаласындағы жастар орталығымен мешіт жастары қайырымдылығы.

Аягөз қаласында Жастар орталығымен мешіт жастары “Бақытты балалық шақ” акциясы аясында қаламыздың белсенді, қайырымды жандары Ватсапп желісінде құрылған “Қайырымды жандардың” қолдауымен «Қайырым етсең –қайырымдылық көресің, Мейірім етсен –мейірімділік көресің» – деген ұстанымды алға қойған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Наурыз мерекесінде өткізілген жəрмеңкеден түскен қаржыға  №2, №4, № 5, №6 орта мектептерінің әлеуметтік аз қамтылған отбасы оқушыларына 20 – дан астам (аяқ қиім) материалдық көмек көрсетілді. Қайырлы іс қабыл болып, мейірімді жандарымыз көбейе берсін.

Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі.