ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРҒАН ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

Республика күні – бабаларымыздың сан ғасырлық арманы мен елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамы. 1990 жылғы дәл осы күні Қазақстанның (ол уақытта Қазақ КСР-і) Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Ол құжатта республика аумағының тұтастығы, бөлінбейтіні және қол сұғылмайтыны, қазақ халқының және Қазақстандағы өзге де этностардың мәдениеті мен дәстүрін және тілдерін қайта жаңғырту мен дамыту туралы қағидалар көрініс тапты.

Бүгінде Республика күні – мемлекеттің тәуелсіздігін және оның азаматтарының ана тілінде сөйлеу, білім алумен қатар жанына жақын дінді ұстану мүмкіндігін беріп, бостандығын бекіте түсті.

Республика күні араға 13 жыл салып, ұлттық мереке ретінде қайта оралды. Ұлтты ұйыстырған бүгінгі күн – Қазақстан қоғамының толеранттылығын айғақтап, төңкеріс пен қантөгіс арқылы емес, сындарлы диалог құра отырып дамуды және алға басуды мақсат тұтатын күш-қуаты мен қалауын білдіреді.

Еліміздің құндылығы саналған атаулы мерекемен сіздерді шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала тұғырлы тәуелсіздігімізді баянды, ел іргесін бекем еткей!