Бүгін жергілікті ақпараттық насихат тобының мүшесі, “Ағаш” мешітінің бас имамы Дәулет Мұқажанов әскери полиция қызметкерлерімен кездесті. Кездесу Абай облыстық Әскери полиция штабында ұйымдастырылды. Жиында дін мен дәстүр сабақтастығы, қоғамдық құндылықтар, теріс діни ағымдардың алдын алу мен сақтанудың жолдары жөнінде уағыз-насихат айтылды. Сонымен қатар, келелі кездесу соңында сұрақ-жауап өткізілді.
Пікір қалдыру