АЙДАР СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ: ОБЛЫСЫМЫЗДА ДІНИ АХУАЛ ТҰРАҚТЫ

Бүгін Абай облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Серікқазыұлы Абай облысының имамдарымен жүздесіп, өңірдегі діни ахуал жайлы сөз қозғады.

“Абай облысында діни алауыздық, теріс ағымдар арасында қақтығыс, талас-тартыс жоқ. Сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың да көрсеткіші басқа облыстармен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Облысымыздағы діни ахуал тұрақты”, – деді Айдар Серікқазыұлы.