Бүгін Абай облысының имамдары “Хәкім хазірет” мешітінде жылдық қорытынды есеп берді. Жиынды Абай облысының Бас имамы Асқар Әбітайұлы ашып, жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқтала отырып, аудан, қала имамдарының есебін тыңдады.
«Біз дін қызметкерлері қандай жұмыс жасасақта, ең алдымен Алланың разылығы үшін жасауымыз керек. Көздеген мақсатымыз да бірінші Алланың, кейін халықтың игілігі үшін. Біздің жұмыстарымыз қоғамды ізгілендіруге, бірлікті нығайтуға бағытталуы керек», – деді Бас имам.
Жиында имамдар мүфтият бекіткен 7 негізгі жұмыс бағыты, оқу-ағарту, оңалту, саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету, мешіттердің ішкі жұмысы, қайырымдылық бағыттарында атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Өңір имамдарының есебін тыңдағаннан кейін облыстың Бас имамы мешіт имамдарына бірқатар тапсырмалар беріп, келер жылы жастар мен әйел жамағатына арнаулы дәрістер ұйымдастыруды, жас мамандарды жұмысқа тартуды, уағыз-насихат сапасын күшейту жұмыстарын пысықтауды тапсырды.
Пікір қалдыру