АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ИМАМДАРЫНА АРНАЙЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Абай облысының имамдарына “Уағыз айту әдебі мен заманауи уағызшы” атты семинар-тренинг ұйымдастырылды. Семинарды өңірге арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ “Діни білім және кадр даярлау” бөлімінің меңгерушісі, Республикалық ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі Смайыл Сейтбеков өткізді.

Смайыл Сейтбеков имамдар мен ұстаздарға бұл тақырыпты жан-жақты ашып, жамағатқа уағыз айту кезіндегі қажетті кеңестермен бөлісті. Сондай-ақ, уағызшының тұлғалық келбетіндегі «ықылас», «сенімділік», «жауапкершілікті сезіну» сияқты қасиеттердің және оның білімді болуы, тілінің тазалығы, дауыс ырғағы сынды қабілеттерінің маңыздылығына тоқталды. Келелі кездесу соңында сұрақ-жауап ұйымдастырылып, семинар-тренинг қортындыланды.