РАНТ МҮШЕЛЕРІ СЕМЕЙЛІК СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Абай облысына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ «Діни білім және кадр даярлау» бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы-ғалым Смайыл Сейтбеков пен РАНТ мүшесі Мәди Ахметов жоспарға сәйкес семейлік студент жастармен кездесті. Білікті ұстаздар “Қазақ халқының құндылықтары” тақырыбындағы дәрісті СФЭК колледжі мен Қайнар колледжінің шәкірттеріне өткізді. Басқосу барысында студенттерге дін мен дәстүр сабақтастығы, ұлттық құндылықтар, ата-анаға құрмет сынды уағыз-насихат айтылды.

 Дәріс соңында жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.