МӘДИ АХМЕТОВ ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, Алматы қаласы “Мырзахмет” мешітінің бас имамы Мәди Ахметов Абай облысына жасаған іс-сапары барысында Семей қаласына қарасты 20-шы түзету мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесті. Дәріс “Бабаларымыздың ұстанған жолы” тақырыбында өткізілді.  Дәріс барысында ұстаз бүгінгі қоғамдағы дін және руханият мәселелерін әр қырынан талқылап, дәстүрлі емес діни ағымдар мен діншілдік мәселесіне тоқталып, жат ағымдардан сақтану жолдарын түсіндіріп берді.