ҚМДБ «Діни білім және кадр даярлау» бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі, исламтанушы-ғалым Смайыл Сейтбеков Абай облысына арнайы жасаған іс-сапары барысында Семей қаласына қарасты 19-шы тезету мекемесіндегі жазасын өтеушілермен кездесті. Кездесу барысында «Дәстүрлі дін» тақырыбында дәріс оқыды. Тақырып аясында дін мен дәстүр сабақтастығы, діни ілімнің маңыздылығы, сонымен қатар деструктивті діни ағымдардан сақтанудың жолдары түсіндірілді. Кездесу соңында ұстаз дәріске жиналған жазасын өтеушілердің көкейінде жүрген діни сұрақтарға жауап берді.
Пікір қалдыру