ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫНА ЖАУАПТЫ ЖАНДАРҒА ЫСТЫҚ АС ТАРАТЫЛДЫ

Абай облысында ауа-райының қолайсыздығынан туындаған келеңсіздіктерге байланысты «Зекет және қайырымдылық» қоры бірқатар іс-шараларды қолға алды. “Жылу сыйла” қайырымдылық акциясы аясында қордың жауапты мамандары Семей қаласының көше тазалығына жауапты жандарға ыстық ас үлестірді. Шара барысында 50-ге жуық жұмысшы қамқылды.

Қыстың суығы мен жаздың ыстығына да төзген коммуналдық қызметкерлер көмек қолын созған мешіт қызметкерлеріне алғысын жаудырды.