СЕМЕЙДЕ “ТЕГІН ТАКСИ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Семейде “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруы мен қалалық мешіт қызметкерлерінің қолдауы арқылы жүзеге асқан “Тегін такси” акциясы әлі де жалғасуда.

Ауа-райының қолайсыздығынан туындаған жағдайларға байланысты жергілікті өкілдік бойынша елуден астам тегін көлік қызметін атқаруға кіріскен еді. Бүгінде еріктілердің көмегімен көліктердің қатары күн санап өсіп келеді. Басты мақсат – суық күнде жаураған жандарды дер кезінде діттеген жеріне жеткізу. Аталмыш қайырымдылық шарасы ауа-райының қалыпты жағдайға түскенге дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Айта кетейік, аталған акция ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасы негізінде жылдағы үрдіс бойынша жалғасын тауып келеді.