ШӘКІРТТЕРГЕ ШӘКІРТАҚЫМЕН ЖӘРДЕМ БЕРІЛДІ

Абай облысы Аягөз қалалық мешітінің бас имамы Алмас Айткәрімұлы мешіт жанынан дәріс алып шәкірт болған, қазіргі студенттерге шәкіртақы ретінде көмек берді. Себебі, білім жолындағыларға жәрдемдесу сауапты амалдардың бірі деді бас имам сөзінде.

“Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Білімді адам – жарық шам секілді. Білімсіз адам – қараңғы түн секілді. Дініміздің өзі адам баласына қоятын басты талабы – ілімді іздену оқу, пайдалы білім алу”, – деп түйіндеді Алмас Айткәрімұлы.

«Нұр–Мүбәрак» университеті мен «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжі шәкірттері алғыстарын білдіріп, жақсы көңілмен оқуларына аттанды.