ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА ТЕГІН МАСТЕР-КЛАСС ӨТКІЗІЛДІ

Абай облысы “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен әйел жамағатына арналған тәтті дәмдіден тегін мастер-класс өткізілді. “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітте ұйымдастырылған шарада белгілі кондитер Динара Еркінбекқызы сұранысқа ие бірнеше торттың рецебін беріп, бірнеше жылғы тәжірибесімен бөлісті. Шараға 60-тан астам қыз-келіншек жиналып, тәттілерді дайындауда сұрақ-жауап өткізілді.

Жиын соңында мастер-класста дайындалған тәттілерден дастархан жайылып, жиналған әйел жамағаты дәм татты. Қызығушылық танытқан қыз-келіншектер ары қарай да білімдерін жетілдіргісі келетінін айтып, осындай тәжірибе алмасу кездесулерінің жиі өткізілуін сұрады.