Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында “Абай облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі” ММ қолдауымен және Семей қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Еңбекші жастар-2023” фестивалінің екінші күні мотивациялық семинар тренингпен жалғасты. «Жастар жаһандау жолында» тақырыппен өткен кездесуге Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы және Шәкәрім университетінің гуманитарлы экономика факультетінің деканы Ұлан Тілемісұлы арнайы спикер ретінде шақырылды.
Шараның басты мақсаты – отбасы құндылықтары, рухани даму, тұлға болып қалыптасу сынды маңызды тақырыптарды жастарға жеткізу, олардың тиімді уақыт өткізуіне жағдай жасау. Семинар-тренингке қатысушы қаланың белсенді жастары өздерін толғандырған түрлі сұрақтарын қойып, кездесу барысында еркін сұхбат алаңын құрды.
Пікір қалдыру