ХАЛАЛ ӨНІМДЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде халал өнімдер жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 10-ға жуық кәсіпорын қатысып, өз өнімдерін халыққа ұсынды.

Абай облысына арнайы іс-сапармен келген ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының директоры Айбек Аташев халал сертификатын алған кәсіпорындарды қадағалап, бұл жәрмеңкенің тұтынушыларға халал өнімді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға таптырмас мүмкіндік екенін атап өтті.