СЕМЕЙДЕ “ХАЛАЛ” АПТАЛЫҒЫ ӨТУДЕ

“Халал Даму” технологы Әсел Таңатар жәнне Абай облысы бойынша өкіл Айдын Жүнісбек Семей қаласының “Маки Маки” фаст-фуд өнімдерін, “Айша” сауда белгісімен танымал “Қалиқанұлы” ШҚ сүт өндірісін тексерді.

Аудит қорытындысы бойынша, шариғат шарттары мен халал стандарты ережелерін бұзу жағдайлары тіркелмеді.

Сонымен қатар, ұн өндіруші кәсіпорын мен ТОО “Semey Tennery” тері заводы халал сертификатын алуға ниет білдірді. Оларға халал өнімді тұтынудың маңыздылығы, сертификатты алу үшін не істеу қажет екені жіті түсіндірілді.