Құрметті жамағат!
Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай бір апталық дәріс өткізіледі. Күнделікті Құптан намазынан кейін өткізілетін дәрісте: Оразаның маңыздылығы мен абзалдылығы, оразаның түрлері, ораза ұстаудың шарттары мен рүкіндері, оразаны бұзатын амалдар мен бұзбайтын амалдар, оразаның сүннеттері мен ауыз ашар жасау, оразаны бұзуға болатын үзірлі жағдайлар және ораза ұстауға шамасы келмейтін адамдардың мәселелері сынды тақырыптар қозғалады.
Қасиетті айға рухани дайындық атты дәрісті ұстаз Рашид Мейірбекұлы өткізеді.
Пікір қалдыру