БАС ИМАМ СТУДЕНТ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы және Қоғамдық даму басқармасы дін істері бөлімінің басшысы Айбек Еркінұлы “Шәкәрім” университетінің студент жастарымен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты: жастарға ата-бабамыздың мұра етіп қалдырған салт-дәстүрі, мәдени құндылықтарымыз бен қазіргі қоғамның тұрмыс салты мен дүниетанымының жүйесі ретіндегі діннің рөлін түсіндіру, сонымен қатар, жастардың діни санасын оятып, сауаттылығын арттыру.

Кездесу соңында мамандар студент жастарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.