Бүгін “Абай Құнанбайұлы” атындағы орталық мешітінде Рамазан айының басынан бері Құран Кәрімді толығымен хатым еткен қарилар марапатталды. Абай облысының бас имамы Асқар Әбітайұлы қариларға алғыс хат табыстап, шапан жауып ілтипатын білдірді.
“Құранды жатқа білетін жандардың Алла алдында да адамдар алдында да мәртебесі жоғары. Пайғамбарымыздың хадистері мен Қасиетті Құран аяттарында қарилардың артықшылығы жөнінде кеңінен баяндалады. Қияметте олардың ата-анасына нұрдан тәж кигізіледі. Ал, осы өмірде жаттаған аяттарын оқып, соған сай амал етсе, жәннаттағы дәрежесі жоғыралай береді”, – деді сөзінде Асқар Мұқанов.
Пікір қалдыру